Күрке
Бұл бетте «Күрке» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл қоғамның қорқағы мен үркегі
Жан сауғалап жайлап алған күркені.
Қатын болып қаралайды бір-бірін,
Батыр болып көрінгенмен сырт өңі.
Жырақ қонып...
Жұмақ көріп күрке ішін,
Жарық күннен жасырады түр-түсін.
Арыстан деп алқалайды Қоянын,
Данышпан деп дəріптейді Түлкісін.
Қайтсін енді арыстаны жоқ болса?
Қайтсін енді данышпаны жоқ болса?
Күрке ішінде күңкілдейді кілең қырт,
Аслан жақта күн күркіреп, от жанса!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі