Əттең-ай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Əттең-ай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Əттең-ай,
Өкінішті,
Өкінішті-ақ,
Қалғаным Шексіздіктің шетін ұстап.
Желкемнен жекіреді жендеттейін
Аптаның жеті күні – жеті қыспақ.
Жеті күн өте шықты желден жүйрік,
Бұл өзі қай тараптан келген бұйрық?
Жайдақы жабы мінген Жаманбайдай
Жалқаулық жатып алды-ау кеудемді үй ғып.
Күз дедім – жер де, көк те алабажақ,
Қыс дедім – сары аязы санаға жат.
Көк тасы Самарқанның ерісе де,
Сен неге селт етпейсің, қара қазақ?
Жеті күн өте шықты тағы, тағы...
Өмірім өтіп жатыр əбі-тəбі.
Жеті атам жеті жақтан жетіп келіп,
Əкемді, əй, бір күні танытады!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері