Сені мен біз
Бұл бетте «Сені мен біз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сені мен біз
Егілерміз, жылармыз,
Басымызды тау мен тасқа ұрармыз.
Таң атқаннан Тəңіріге тəуба айтып,
Жаратқаннан жанға медет сұрармыз.
Сені мен біз
Егілерміз, жылармыз,
Жылай жүріп жұбанармыз, шыдармыз.
Толағайдың толқынына жармасып,
Жағалауға жанды жалдап шығармыз.
Сені мен біз
Егілерміз, жылармыз,
Өксіп жүріп өмір мəнін ұғармыз.
Батар күнге батамызды бағыштап,
Атар таңнан аман-саулық сұрармыз!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі