Түн тербеген тылсым өңін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түн тербеген тылсым өңін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 738
Түн тербеген тылсым өңін
Жас қайыңның бүршігі едім.
Күн шыққанда күлім қағып,
Күз келгенде күрсінемін.
Кім біліпті ақпан жайын,
Ақ боранға тап болмайын.
Жаумай жатып еріп кетер
Жаным мақпал ақ қардайын.
Түсіме еніп қаралы емен..,
Ішіме еніп барады əлем.
Сен қартайсаң қартая бер,
Мен жас болып қала берем!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері