Қақақулап шақырмай

Бұл бетте «Қақақулап шақырмай» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 2
  • 45189
Қақақулап шақырмай,
Қанды көбік түкірмей.
Бұзбай құлан пісірмей,
Мұз үстіне от жақпай,
Қу найзаға сүйеніп,
Ңұр далада зар қақпай,
Жалғыз жүріп ат бақпай,
Қабағыма қарыс сүйем мұз қатпай,
Қапыда қалған қасқамын,
Қақ жүректен найза түйретпей!
Жалғыз қалдым,
Адасып қалған үйректей.
Қарағай шаптым шандоздап
Қарағай шаптым шандоздап,
Хан қарасын жоям деп.
Жолбарысша жорыттым,
Етіне құлан тоям деп...
Қыран құстың баласы
Ұшса, келмес ұяға.
Асыл ердің баласы,
Жауды көрсе шыдамай,
Көзін салар қияға.
Ермін деген жігітті
Кеңшілікте сынама.
Келмейтұғын нәрсеге
Жаныңды қинап жылама.
Ер қабыланын жөнелтіп,
Елсізде аңырап қалған шақ -
Біздерден ақыл сұрама!


Пікірлер (2)

Саламат

Сөз жоқ Бабаға.

Жанерке Сапаралы Асқарқызы

Сендерге аитарым жаттау қажет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қақақулап шақырмай өлеңінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы — осы өлеңнің авторы.

Қақақулап шақырмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қақақулап шақырмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбет Өтемісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қақақулап шақырмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері