Хабарымды ел емес, жел біледі
Бұл бетте «Хабарымды ел емес, жел біледі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Хабарымды ел емес, жел біледі,
Секемшілді сезіксіз сендіреді.
Құба жоннан асырып қу дүние,
Желмаяның өзін де желдіреді!
Хабарымды жел емес, ел біледі,
Жер түбіне жерік ас ендіреді.
Жегілердің айналып жемтігіне
Серілердің қатары селдіреді.
Хабарымды білмейді ел де, жел де!
Келе қояр жайым жоқ «кел» дегенге
Өлең құрлы бəсім бар, бұлдағанға,
Емен құрлы жасым бар кем дегенде!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі