Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы,
Бару, алу, ішу, жеу... бар ынтасы.
Жаны игіге жалғанда жазығым жоқ,
Жаппар ием, мені де жарылқашы!?
Көзім – өзім,
Ешкімге аларғам жоқ,
Алмағайып өмірде əлі арман көп...
Алданышым таусылар,
Алып кетсе,
Алла жақтан бір күні Шабарман кеп.
Ала беріп, құдай-ау, не көрінді?
Беріп кетсем деп едім берерімді...
Алла жақтың елшісі, ей, Шабарман,
Мені алсаң ал,
Аяшы көк өрімді?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері