Кетпейді көзден көктем
Бұл бетте «Кетпейді көзден көктем» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Кетпейді көзден көктем,
Милықтан күз,
Ұйқыға шаш етектен ұйлыққанбыз!
Мал жиса ата-баба..,
Мына біздер –
Қонжиған креслоға құйрықтармыз!
Кетпейді көзден көктем,
Милықтан күз,
Ұйқыға шаш етектен ұйлыққанбыз!
Қол жиса ата-баба..,
Мына біздер –
Қонжиған креслоға құйрықтармыз!
Дегенде батпан құйрық, батпан құйрық,
Бұл неткен айдалада жатқан құйрық?
Баянсыз бақта қалар,
Тақ та қалар,
Келгенде Тəңірия жақтан бұйрық!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі