Бұл бетте «Күз» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Базары құстың тарқады
Бадана көзді Балқаштан.
Бақсының күйін тартады
Жалаңқай өлке,
Жарты аспан.
Аспанды бұлт бүркеді,
Жұлдыз да, Ай да ұрланып.
Бүйірін түннің түртеді
Бүйректей бір гүл бүр жарып.
Тарыдай емін еп көрген,
Талғажау, тірлік, таңға ұлас!
Өмірдің күні өткенмен,
Көңілдің гүлі қалғымас!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі