Қамшы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қамшы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 900
Араны көріп тұрып гүлді кезген
Қарадым қазағыма мұңды көзбен:
«Құдайдың ен даласын жайлап жатқан
Сен қашан ел боласың бұл мінезбен?»
Икемдеп илеуіне қырманжайды
Тынымсыз Құмырсқа да тырбаңдайды.
Ұйыққа милығынан батқан аттай
Ұйқысы «ұлы жұрттың» бір қанбайды.
Жатқан соң күн тізбегі парақталмай,
Тағынан түнді қуып Таң атқандай!
Қоңыз да қоңыз екеш,
Дөңге қарай
Жер шарын дөңгелетіп баратқандай!..
Бақ қонған барқыт мекен, баршын жайда
Қамсеміз қара терге малшынбай ма?
Киесі қараша үйдің, қайран Баба,
Иесі игіліктің – Қамшың қайда?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері