Көлдегі қоңыр қаз едім
Бұл бетте «Көлдегі қоңыр қаз едім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көлдегі қоңыр қаз едім,
Көздегі тұнжыр наз едім.
Шертілмей жүрген күй едім,
Айтылмай жүрген саз едім...
Көзіме қарап мөлдіршең
Көліме келіп қондың сен.
Əніме жаның жарасып,
Бəріне ие болдың сен!
Көл едім... шөлге айналдым,
Көркіңе жіпсіз байландым.
Көл де бар,
Наз да,
Саз да бар
Көзіңнен, жаным, айналдым!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі