Бұл бетте «Менімен ерегеспе, ерегеспе» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менімен ерегеспе, ерегеспе,
Ерегес есерсоқтау жел емес пе?
Майданнан запы болған зағиптайын
Айналғам ел еместі елемеске.
Керісіп,
Кезек берсең тіл мен жаққа,
Мүкамал айналуың мүлдем жатқа.
Адамды аздырмаққа Ібіліс те
Жұмақтың есігінен кірген жоқ па?
Байқамай Ібілістің ішке енгенін,
Тіл безеп, кімге керек тістенгенің?
Жүрмесін сан соқтырып түстен кейін
Сарқылып сабасына түскен көңіл...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі