Кеш түледім
Бұл бетте «Кеш түледім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеш түледім,
Кеш тудым,
Кеш жетілдім...
Бейнеті көп бірімін бес жетімнің.
Бес жетімнің біреуі – Далам жетім,
Арнасынан айрылған Арал жетім.
Бес жетімнің біреуі – Көлім жетім,
Аққуынан айрылған келім-кетім.
Бақыр құрлы құны жоқ күнім жетім,
Пақыр құрлы үні жоқ түнім жетім.
Бес жетімін жетелеп Тағдыр-Ана,
Келешекке аманат қалдыра ма?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі