Бұл бетте «Өмір емес» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген.
23.07.2021
0
0
846
Өмір емес,
Өмірім – өлермендік,
Өткен күнді тепкілеп терең көмдік...
Ештеңе жоқ алдымда алаңдарлық,
Ештеңе жоқ артымда елеңдерлік.
Өмір емес,
Өмірім – елермендік,
Көп алдында жайым жоқ көлеңдерлік.
Көретұғын көз болса,
Өлмейтұғын
Бірлі-жарым біз де елге өлең бердік...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі