Әрәйнә
Бұл бетте «Әрәйнә» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әрәйнә, жігіттер, Әрәйнә!
Арғымағың жарай ма?
Астыңа мінген арғымақ
Аяңдай түсіп, марай ма?
Арғымақ дейтін жығылғыр,
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?
Күшіген жүнді шал жебе
Жауына қардай борай ма?
Ел шетіне жау келсе,
Азамат ердің баласы
Намысына шыдай ма?
Жаттан көмек сұрай ма?..
Арғымақ жалғыз, Ер малсыз,
Алланың не берері болжаусыз,
Жолдастарым, мұңайма!
жақсы болды тез тауып алдым
Бул олен оте тамаша. Махамбет Отемисулынын олендерине бас кетти
Жақсы өлең екен