Бұл бетте «Экспромт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біріміз бірімізді шерменде ғып,
Несіне керілдестік, кердеңдедік?
Періште пейілің болса пешенеңде,
Жанымнан жай алсаңшы бермен келіп.
Басынан бағы тайса, елден көріп,
Кетпей ме кей кездері ерден де ерік...
Опалы оғылан болсаң,
Жүрмес пе едім
Орнынды босаға емес, төрден беріп?
Алланы аузыңа алшы,
Жығылайын
Алдыңа алты айшылық жерден келіп!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі