Ойнама менің жүйкеммен, – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ойнама менің жүйкеммен,» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1000
Ойнама менің жүйкеммен,
Сүймеймін жанды сүйкенген.
Кеудеңнен кері итермен,
Ішіме енсең икеммен.
Тартылған тамыр сымдай-ды,
Тарс кетпей бір күн тынбайды.
Жадыңда сақтау бұл жайды
Саған да болар ыңғайлы,
Маған да болар ыңғайлы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері