Қол жетпес əлем-жəлемге

Бұл бетте «Қол жетпес əлем-жəлемге» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Қол жетпес əлем-жəлемге
Көзімді саттым, телмірдім.
Жезөкше мынау əлемге
Жетім көзімді емдірдім.
Қалмаған құйттай қадірі
Наданға сөзден бөз қымбат.
Азғындап алтын тамыры,
Бара ма ұрпақ тозғындап?
Мойынға мінген мінəжіп
Ұйқымды шəйдай аштырды.
Атымтай – көңіл құлазып,
Қарабай – пейіл асқынды.
Үмітті өлген азалап,
Күдікпен қайта туамын.
Жанымды жаспен жазалап,
Тəнімді таспен қуамын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері