Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең,
Көптен бері көтерілмей жүр еңсем.
Аллаға мың шүкіршілік айтар ем,
Ауруымнан айықтырып жіберсең.
Көңілімде – көбік көшкін, күрең сел...
Бүгін тағы көтерілмей тұр еңсем.
Жүзің жылып,
Жібір ме еді жүрегің,
Жібек жіптен өлең тоқып, жыр өрсем?
Жырың жұмбақ,
Түрің қымбат,
Кім ең сен?
Тілегімнен табылар ма ең, тіленсем?..
Қара жолда қаңғып жүріп,
Қайтер ең,
Қасың менен қабағыңа тірелсем?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі