Күн шығады күлімдеп
Бұл бетте «Күн шығады күлімдеп» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн шығады күлімдеп,
Күн батады күбірлеп...
Келер-кезек дүние-ай,
Кешегі бар – бүгін жоқ.
Əкем жатыр қорымда,
Шешем жатыр қорымда:
«Ойна да күл, – десек те, –
Оралыңның барында»...
Бақытым да, сорым да
Оңым менен солымда.
Шырылдайды шыбын жан
Шырмауықтың торында.
Ажал шіркін құрған ау –
Бірде əзəзіл, бірде жау...
«Əуеніме» қосылып
«Əу» дейтұғын кім бар-ау?
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі