Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Саусағыма ілінді бұрым-бұлақ...
Үнің де ұнап барады, түрің де ұнап.
Құрдымыңа, құдай-ау, қашан жетем?
Ұрым алыс болғанда, Қырым жырақ.
Үкі көздің көргенде үркінгенін,
Шыбын жанын үйірер, шіркін, көңіл.
Найсап нəпсі...мазалы мəйшат көңіл...
Аз емес пе?
Жете ме бір түнге бұл?
Төсек анау – құс жастық, мамық көрпе.
Түн тұңғиық,
Таң ұзақ,
Жарық та ерте.
Мезі қылған мезгілге керегім не?
Мен осында қаламын!
Қамықпа, ерке...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері