Бұл бетте «Саған бола» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саған бола таң ататын сияқты,
Тауға нұрын жалататын сияқты.
Барша əлемнің базары мен назарын
Бір өзіңе қарататын сияқты!
Саған бола Күн шығатын сияқты,
Ұмсынатын, құлшынатын сияқты!
Құмарлықтың құшағында өртеніп,
Тұншығатын, тыншығатын сияқты..
Саған бола Күн бататын сияқты,
Тұңғиыққа шым бататын сияқты.
Жер бетіне сия алмай да қия алмай,
Үзіріңе үн қататын сияқты.
Саған бола Ай туатын сияқты,
Сəулетіңе сай туатын сияқты.
Айнамкөлде арманыммен тілдесіп,
Əнім менің айтылатын сияқты...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі