Менің əнім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Менің əнім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 666
Менің əнім Алланың алғысындай,
Бау-бақшада сайраған таң құсындай!
Тамылжытып таң құсы сайрағанда,
Қапастағы ой қалайша қалғысын жəй?!
Менің əнім Алланың өз үніндей,
Айдан түскен арудың лебізіндей.
Тыңда, тыңда,
Сен оны тыңда, жаным,
Тіршіліктің тұрғанда көзі ілінбей!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері