Өлген қайтып келе ме?
Бұл бетте «Өлген қайтып келе ме?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлген қайтып келе ме?
Тіріле ме?
Келер болса тірліктің құны неде?!
Жерде қанша «қуыршақ құдайлар» жүр..,
Құлдық ұрып көргем жоқ біріне де!
«Құдайларға» жердегі құлақ аспан,
Құлақ ассам – асады күнə бастан.
...Улы жеміс уылжып піспесе екен
«Өмір» дейтін өнімтал ұлы ағаштан.
Ұлы ағаштың у сеуіп ұрығына,
Шыбын қонып жүрмегей шырынына...
Мен Құдайдың құлымын қу тірлікте,
Тек өлген соң айналам шын ұлына!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі