Құдайға құлдық ұрып, құлша нандым
Бұл бетте «Құдайға құлдық ұрып, құлша нандым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құдайға құлдық ұрып, құлша нандым.
Кімге, айтшы, одан өзге мұң шағармын?
Күмəнмен күлдібадам күнді өткізіп,
Тұманмен түн баласы тұмшаландым.
Көңілім көні кепкен түз даладай.
Жүректің түз далада сыздағаны-ай!..
Өнбойын өртке алдырып өксиді Өлең
Алданған жігітінен қыз баладай.
Тарайды тамыр бойлап шер-шеменім,
Таба алмай жанға тыным теңселемін.
Не болмақ көгімдегі сөнсе Күнім?
Не болмақ кеудемдегі өлсе Өлеңім?..
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі