Соңғы көш – Есбол Нұрахмет

Бұл бетте «Соңғы көш» атты Есбол Нұрахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 975
Жаңаның жолымен,
Көненің ізімен,
Үйленіп ертегі қызымен,
Өлі тарихтың ақсөңке сүйегін,
Артып ап атанға,
Сықырлап үстінде уықтар түйенің,
Сықырлап астында жер бесік,
Барады ел көшіп.

Меңіреу болса да мезгілі,
Өлсе де өткенгі,
Төл тағы төлдеді көктемгі.
Сай-сала жаңғырып көшпенді үнімен,
Артынып-тартынып түнімен,
Жанарын тырмалап тау өлі,
Түн көшпей, ел көшті әуелі.

Мың жылғы болмыстың иісі бұрқырап,
Боздады боталар,
Жылқылар шұрқырап.
Кешегі бөрілер тіріліп,
Бүгінгі төбеттер қыңсылап,
Домбыра тілімен өткенін ойнатқан,
Көш өтіп барады сай жақтан.

Орнығып алғандай ай әбден,
Күн әзер жылжытты сабалап таяқпен.
Топырақ астынан толқындап төркіні,
Бұрқылдақ жолдардың буыны тершіді.
Тарихын түйенің табаны кестелеп,
Мезгілді мең-зең қып,
Көш келед...

Бесікте тербетіп тегінің тамтығын,
Жас ана
жетелеп салтының сарқынын.
Ең соңғы азамат
ең соңғы тұлпарын тебініп,
Төгілтіп барады,
Бүгіннің шаңына көміліп.
Арғымақ жылқылар соңғы рет арқырап,
Көкжиек жүзінде
Болмыстың бояуы қалтырап...
Соңғы көш өтті...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы көш өлеңінің авторы кім?

Есбол Нұрахмет — осы өлеңнің авторы.

Соңғы көш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңғы көш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Нұрахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңғы көш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері