Лайсаң, жаңбырлы сол бір күн – Есбол Нұрахмет

Бұл бетте «Лайсаң, жаңбырлы сол бір күн» атты Есбол Нұрахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 499
Лайсаң, жаңбырлы сол бір күн,
Гүлдер қалтырап,
Мен сені өкпелетіп ап,
Үнсіз қалдым.
Арбиған ағаштар сарғылтым,
Қуаң тартады жапырақ.
Кім білген күздің де келерін,
Көңілсіз жанарлар көшеде шашырап.

Біз білген уақыттың елесі,
Қол бұлғап қарамас.
Ондағы күндер де бәрі мұң,
Үміті, кейісі аралас.
Маңдайы жол бастар Жарығым.

Қыс қылаң береді қыр жақтан,
Күрік-күрік жөтеліп.
Жалғанның бақ пен сорына ет өліп,
Арзан тірлікті жүрміз-ау аспанға көтеріп.

Жаздың соңғы жапырақ жамалы,
Күйзелтіп мендік сананы,
Сарғайған ағаштан үнсіз төгіліп,
Көшені бойлап желге ұшып барады.

Мағынасыз күңгірттік төгіліп ауаға,
Дел-сал сезімі тараған.
Реніш, үнсіздік...
Көңілсіз уақыт –
Ол да өтіп барады шықылын санаған...

Бәлкім бұл күздің соңғы жауыны...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лайсаң, жаңбырлы сол бір күн өлеңінің авторы кім?

Есбол Нұрахмет — осы өлеңнің авторы.

Лайсаң, жаңбырлы сол бір күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лайсаң, жаңбырлы сол бір күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Нұрахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лайсаң, жаңбырлы сол бір күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері