Өзеуреген өткелсіз өзен боламын – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Өзеуреген өткелсіз өзен боламын» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1717
Өзеуреген өткелсіз өзен боламын,
Екпініме, сірә, бұл төзер ме адамым?!
Сүймеші деп азар да безер боламын.
(Бірақ сен сүй!)

Мен сүйетін Тәңірге табынба дейді үн,
Көрсетпеймін болғанын жанымда кей мұң.
Қайтесің деймін тағы да, сағынба деймін.
(Бірақ сен сағын!)

Зәру жанға ар менен ұждан қасірет,
Айттым қашан жырыңды бізге арнашы деп?
Мен жәй айта саламын қызғанбашы деп.
(Бірақ сен қызған!)

Анау жаққа оңай ғой қайтуым бір күн,
Сынаптайын сырғиды жәй күнім, шіркін.
Кім шақырды сені деп айтуым мүмкін.
(Бірақ сен кел!)

Осы өзгелер өзінше өртенет не деп?
Жалқаулыққа жаныңды желкелетпе көп.
Ашуланам мен бәлкім еркелетпе деп.
(Бірақ сен еркелет!)

Білемісің, дәл бұлай есірмеп едім,
Сезімі үшін талайды кешірмегемін.
Саған да осы оп-оңай өкінбе деуім,
(Бірақ сен өкін!)

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын,
Екпініме, сірә, бұл төзер ме адамым?!
Сүймеші деп азар да безер боламын.
(Бірақ сен сүй!)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын өлеңінің авторы кім?

Айдана Қайсарбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өзеуреген өткелсіз өзен боламын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері