Өкініш
Бұл бетте «Өкініш» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Теспей қанын зулатқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан
Кешегі Орақ пенен Мамайдай
Батырлар, шіркін, болар ма-ай!
Олардай болып жүруге
Біздерге қуат толар ма-ай!
Қазақтан бір құнт кетті деп,
Біздерге нәубәт жетті деп,
Бұзылды көңілім жыларға-ай!
Азамат ердің баласы
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар -
Талаудан татқан дәмі бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар -
Дұшпанға кеткен кегі мен
Барымтаға түскен малы бар.
Оте керемет жазылган.Тамаша
Өте керемет өлеңдер
Нағыз өлеңдер осы сөз жоқ
Өте жақсы əсерлі жазылған
оте жаксы !!!
оте керемет кой
Əсерлі өлең
Өте керемет айтылған!