Бір шоқ сезімнің тағдыры немесе Күлте – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Бір шоқ сезімнің тағдыры немесе Күлте» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1219
Көрген жерден көз жазбай-ақ таныдым,
Бәлкім бұл да тағдырдың бір тіркесі.
Дәптерімде сақтаулы екен әлі күн,
Сен сыйлаған бір шоқ гүлдің күлтесі.

Жалт еткен сол жалғыз оқыс қимылдан,
Шашырады көбелектей үріккен.
Кезінде сен сол бір шоққа сыйдырған,
Сезіміңнің шашырарын біліп пе ем?!

Сырдың қиып тастағандай тірсегін,
Білмеймін ғой біздерге не жетпеді.
Екеуіміз өсірген сол гүлсезім,
Біраз бопты күлтеленіп кеткелі.

Сүюге енді жүрек мына ерінсе,
Өспей қойған қайта бүрлеп, гүл шығып.
Уақыт өте үп еткен бір жел үрсе,
Шашырады күлте сезім, күлте үміт.

Терезе алды сырласып ек жаңбырмен,
Есімде жоқ көктем бе еді, күз бе еді?!
Сол бір шоқты әлемдегі бар гүлден,
Балалық-ай биік қойған біздегі.

Бос елестен келед(і) бірақ безінгің,
Соқпағасын дүр жүрегің дүрсілдеп.
Тура осы күлте құсап сезімнің,
Салмағы да қалмапты ғой біртіндеп.

Ол кез кетті тебірене жыр төгер,
Жеткізбеген көкке екі елі төбеңді.
Сезіміңнің көзіндей сол күлтелер,
Желге ілесіп ұшып кетті. Жоқ енді.

Көңілді бұл күлте неге құм қылсын,
Тұтанғандай балалықтың білтесі.
Шумақ болып оралды ма кім білсін,
Шоқ сезімнің шашыраған күлтесі.

Қалыппыз-ау ештеңе де сезінбей,
Бұраң қағып бұлаңдаса түлкі өмір.
Балғын дәурен балалықтың көзіндей,
Қалсын енді естелікке күлте жыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір шоқ сезімнің тағдыры немесе Күлте өлеңінің авторы кім?

Айдана Қайсарбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Бір шоқ сезімнің тағдыры немесе Күлте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір шоқ сезімнің тағдыры немесе Күлте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айдана Қайсарбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір шоқ сезімнің тағдыры немесе Күлте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері