Туған ел – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Туған ел» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3495
Аймалайды өпкен желі,
нұрға оранып көк пен жері.
Бала сағым бұлдырайды,
гүлмен ойнап бөктердегі.
Қаз-үйректің таныс әні
ерке өзенмен табысады.
Бір-бірінен күле қашып,
ақ толқындар алысады.
Терек, қайың жымыңдасып,
самал желмен тұр ымдасып.
Жапырақтар тербеледі,
бір-бірімен сыбырласып.
Гүл жамылған өлкедегі
бұталар да ән төгеді.
Күн шуағы аймалаған,
елім неткен көркем еді!
1972


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған ел өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Туған ел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған ел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған ел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері