Періште
Бұл бетте «Періште» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алып кетші көгіңе жерден мені,
Жалықтырды жаһанның сергелдеңі.
Кеңістіктің лебі ыстық керімсалы
Емдер ме еді
Мендей бір шермендені?..
Қайда барам қара үзіп сенделгенде?
Періштеге айналмас пенде өлгенде...
Қарашығым айналып қара түнге,
Қалғып кетіп жүрмейін сен келгенде.
Алып кетші көгіңе ертең, бүгін...
Еркім,
Сертім өзіңде, еркем, гүлім.
Көз ұшынан көшейін көкжиекке,
Көл түбіне батқандай желкенді Күн...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі