«Ақын бай..» дейді əлдекім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте ««Ақын бай..» дейді əлдекім» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 923
«Ақын бай..» дейді əлдекім,
Жоқ, кедеймін.
Мұң шағам сырымды айтып көпке кей күн.
Өлеңді сауын сиыр ете алмасам,
Кінə артып,
Кімге налып, өкпелеймін?
«Ақын бай...» дейді əлдекім,
«Жоқ» демеймін,
Бірімін көңілі бай көп кедейдің.
Бермейтін ханға сəлем қалпымменен
Алдында тек Тəңірдің шөккелеймін!
Төріме төселген жоқ қалы кілем,
Бұлжымас бұл да өмірдің заңы білем...
Тағдырын ақындардың,
Амал қанша,
Танымай келе жатыр əлі бір ел!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері