Босаға
Бұл бетте «Босаға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен жыласам,
Қуанып досым күлер.
Жан таппадым көңілдің хошын білер.
«Үндеместе жатыр, – деп, – үйдей пəле»
Жауым да жоқ сыртымнан шошып жүрер.
Кез келген жан іркілмей ішіме енер
Аужайымды, ағайын, түсіне бер.
Жақұтындай жүзіктің мың құбылған
Жалықтырды түлкі өмір, мысық «өнер».
Айналайын, киелі Ақ босаға,
Қашан кірер жақынға ес,
Жатқа сана?
Төрге озатын немелер сені елемей,
Ойнап жүріп бір күні от баса ма?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі