Бұл бетте «Өмірбаян» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.07.2021
0
0
1466
Сен менің тағдырыма таңырқама:
Ақпанда айналамын ақ ұлпаға.
Тарылып Күздікүні жайлау-жайым,
Кеземін тұман болып тау қойнауын.
Аспанның алтын алау Шамын жағып,
Кілкимін Жазғытұры сағым болып.
Көктемде бүршік жарып, тамыр жаям...
Сұрасаң, мендегі осы Өмірбаян.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі