Кеше мен сені тауып алдым да – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Кеше мен сені тауып алдым да» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 2024
Кеше мен сені тауып алдым да,
Шауып ед жүрек Құлагер.
Соншама сені сағынармын ба,
Сен болмай шықты бірақ ол.

Алаулап едім өшіре салды,
Көрінді бəлкім тек елес.
Көздері сені есіме салды,
Сөздері бірақ сен емес.

Білмеймін кімге ғайып ұнапты,
Өңім мен түсім аралас.
Шашын да сендей қайырып апты,
Жасы да саған шамалас.

Көзіме ылғи көрінші деймін,
Үміттің шоғын үрледім.
Бойы да саған келіңкірейді,
Ойын мен бірақ білмедім.

Сəлемдесуге жарағаныммен,
Емес-ау сендей кең құшақ.
Мен оған сендей қарағаныммен,
Қарамады ол сен құсап.

Кеше мен сені тауып алдым да,
Шауып ед жүрек Құлагер.
Соншама сені сағынармын ба,
Сен болмай шықты бірақ ол.

Біл-әәәә...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеше мен сені тауып алдым да өлеңінің авторы кім?

Айдана Қайсарбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Кеше мен сені тауып алдым да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеше мен сені тауып алдым да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айдана Қайсарбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеше мен сені тауып алдым да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері