Есіл ер

Бұл бетте «Есіл ер» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 4
  • 36362
Алдияр тақсыр ханымыз!
Исатай батыр кеткелі
Кеміді біздің сәніміз.
Тілімді алсаң, тақсыр-ай,
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай!
Нетесің, тақсыр, табалап?
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырына паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңынан ерсем ағалап.
Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр!
Табаны жалпақ тарланбоз
Шабарында есінер.
Бір мінезі келгенде
Жібектей жұмсақ есілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады несіне ер?!
Тастай қатты тағдырың
Исатаймен шешілер.
Айтып-айтпай немене -
Қор болды-ау, қайран, есіл


Пікірлер (4)

Бакытжан

Керемет

Рус

Күшті

Рамазан

Керемет

Аяулым

Мяу мяу

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіл ер өлеңінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы — осы өлеңнің авторы.

Есіл ер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіл ер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбет Өтемісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіл ер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері