Өмір заңы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өмір заңы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1350
1
Өмір – күрес!
Дәлелдің керегі жоқ.
Күреспесең, өзі әкеп берері жоқ.
Күресе кеп танисың кейбір қырын,
Әппақ, таза көңілінде дерегі жоқ.
Ең алдымен танисың күштіні сен,
Жұлып түсер жұлқыса, тістіні сен.
Әлсіз – оның несібе, күн көрісі,
Онсыз, күрес өмірдің мүскіні сен.
Айла, амал, қулық тұр бұдан әрі,
Күресудің құралы мұның бәрі.
Десек дағы еншілес ақылменен,
Зұлымдық қой төркіні, түпкі нәрі.
Мұның жемі – аңқаулар, ақ көңілдер,
Ізгіліктен тарайтын пәк көңілдер.
Адалдықтан аты арып, тоны тозбас,
Қанағатшыл, барына шат көңілдер.
Жаратылыс осынау бұл бір ғажап,
Суға сүңгі, орман кез, жерді аралап,
Жаны бардың әлемде тірлігі осы,
Байланысты, біріне-бірі тамақ.
Танылады осы хәл өмір заңы,
Ұрпақ үшін болашақ күрес қамы.
Адам бола тұрып кей қатынастар
Неге ұқсас осыған қоғамдағы.
Тағылығы дейміз ғой тағы ісін –
Күн көріске тек қана бағынышын.
Жан иесі атаулы ішіндегі
Саналы істің адам ғой тәңірі шын.
Жіберіп көр еркіне сол адамды,
Құдай білсін қайтерін бұл ғаламды.
Біреуі атақ, біреуі сұлу аулап,
Бірі дүние құлы боп тұлғаланды.
Іркіп, бүркеп, білдірмей кей сұмдығын,
Адам ойлап істейді зұлымдығын.
Іші ондай адамның қашан болсын
Бұлты қою тәрізді бұлыңғыр күн.
Ендеше бұл қоғамға қауіпті кім?
Адам ба әлде тағы ма ауып бүгін.
Кеткен яки құрыған? Ғаламдағы
Зұлымдықтар төркінін тауыпты кім.
Тіпті мұның бәрінен дара тұрған,
Ең ізгі, ен кемеңгер дара тұлғаң
Өзі «алтын көргенде жолдан тайып»,
Кеп танытар пенде боп жаратылған.
Өмір күрес дегенің осылардан
Басталмай ма барына қосып алған.
Әлсізге әлді күштілік етері бар
Бар тағдырын қасқайып тосып алған.
Олай болса қоғам да күштінікі,
Ұйтқысы көп тілді мен тістінікі.
Айласы мол, әрекет, қулық-сұмдық
Ұйыстыра білетін істінікі.
Тыным алмай ойлаған тұрмыс қамын,
Илеуіне дән тасып тырмысқанын
Үлгі көрем
еңбекпен ғұмыр кешкен
Өміріне қызығам құмырсқаның..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір заңы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өмір заңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір заңы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір заңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері