Қызығам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қызығам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Ойымдағым болмады деп,
«Бақыт құсы» қонбады деп,
От алып, қопаға түсіп,
Қос өкпесі қабынбайтын,
Қиянатқа бағынбайтын,
Бұлаң қағып, сылаң қағып
Лауазымға табынбайтын
Жандарға мен қызығам.
Сөзді теріп сабылмайтын,
Тағдырына шағынбайтын
Айла, амалдан аулақ жүріп,
Ар ауылында дамылдайтын
Рақымы мол, барға разы
Маңайына әділ қазы
Құба төбел, қуғаны өнер
Жандарға мен қызығам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызығам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қызығам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызығам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызығам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері