Қызығам
Бұл бетте «Қызығам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойымдағым болмады деп,
«Бақыт құсы» қонбады деп,
От алып, қопаға түсіп,
Қос өкпесі қабынбайтын,
Қиянатқа бағынбайтын,
Бұлаң қағып, сылаң қағып
Лауазымға табынбайтын
Жандарға мен қызығам.
Сөзді теріп сабылмайтын,
Тағдырына шағынбайтын
Айла, амалдан аулақ жүріп,
Ар ауылында дамылдайтын
Рақымы мол, барға разы
Маңайына әділ қазы
Құба төбел, қуғаны өнер
Жандарға мен қызығам.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі