Қызықпа, жаным
Бұл бетте «Қызықпа, жаным» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызықпа, жаным,
біреудің арзан ырысына.
Соңына түсіп,
Мансапты қума құлшына.
Ақ моншақ жақұт,
не қымбат шүберекпенен
Бақ орнап мәңгі
таң ата қалмас, күн шыға.
Тазалықпенен,
өнермен ғана өсер бой,
Арыңа ғана
жүгін де, соны көсем қой.
Мансабың, яки
төгіліп-тасқан тіршілік
Тұрмайтын мәңгі
бір төгіп өткен нөсер ғой.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі