Гүл екеш гүл де – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Гүл екеш гүл де» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Айтайын несін!
Ойға алғаным өмірдің
Тек тұнығы еді, тереңі.
Шалқыған сәтін тауып бір
асау толқынға
қасқита қарсы
жібермек едім кемені!
Амал не соған
талпынуменен келемін.
Серігім болып
сол баяғы.
арым, әнім мен
асқақ өлеңім.
Әйтеуір соған
бір жететініме сенемін,
Өйткені,
маусымдық гүл екеш гүл де
алаулап, гүл атып барып сөнеді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері