Жақсы келін енелердің арманы – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Жақсы келін енелердің арманы» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2018
  • 0
  • 0
  • 8545
Келінісің жеңгелердің кенжесі,
Жүзің жылы, енелердің еркесі.
Қызмет етіп үлкендердің бәріне,
Білмегенін үйретеді жеңгесі.
Сен бақытты келінсің деп айта алам,
Жеңгелерің бар ғой сені қолдаған.
Келін болып міндетіңді атқарып,
Сәлем салып үлкендерден бата алған.
Келін болу әрбір қыздың арманы,
Келін деген атқа лайық болғаны.
Келін түскен шаңырағы әр үйдің,
Тола берсін қуанышқа әр таңы.
Бақыт тілеп жаңа түскен келінге,
Келін болып келдің нағыз еліңе.
Тастай батып, судай сіңіп жүре бер,
Құдай қосқан қосағыңмен мәңгіге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері