Қайда бар – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Қайда бар» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 3
  • 29894
Артымда қалған алғаным,
Қытайы қызыл көйлегі
Күнге қойсаң оңар ма?!
Мұндай қорлық болар ма?!
Ақсұңқар құстың баласы
Қасқыр тартқан жемтікке
Ағармай көзі қонар ма?!
Қаршыға құсты көп көрдім,
Қайрылып қазға қараған.
Қатын, бала, қара орман
Баршасын жауға алдырған,
Құрулы жатқан жебеге
Құрсағынан шалдырған,
Асыра келіп ойласам,
Бұл заманның шағында
Махамбеттей зарығып,
Мұңды болған қайда бар?


Пікірлер (3)

Ruslan

Maxambet Otemisuli arkanin kizil izeni

Замира

керемет

Айсултан

Нармальны

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері