Арман

Бұл бетте «Арман» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Отырмын өзім, ойым жүр орғып,
Ұясыз құстай орныға алмай.
Арманнан арман туады өрбіп,
Қиынға қиял жетелеп шалғай.
Сәбидей аңқау қараған күліп,
Келеді төніп, береді елес.
Жүр дейді алға, сүйрейді үміт,
Қыңыр ғой күдік, құрады егес.
Арбасты олар, жеңілді күдік,
Жөнелді арман, тынды ол іліп,
Жүйрік қой көңіл, тоқтай ма тынып,
Жаңа арман алда тағы тұр күліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері