Адамдық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адамдық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған адамгершілік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 836
Қаласаң, қоныс тынығар,
Қаласаң, доспын сыр ұғар.
Қалтырап тоңған шағында
Қаласаң, отпын жылынар.
Қаласаң, тіпті өзіңмін,
Қаласаң қара көзіңмін.
Есейген көптің арманы –
Қаласаң, бала кезіңмін.
Қаласаң, көкте күніңмін,
Қаласаң, аға-ініңмін.
Өміріңнің жалғасы
Қаласаң, көктер гүліңмін.
Қаласаң, адал жарыңмын,
Қаласаң, тіпті барыңмын.
Қаласаң, мені дос тұтсаң,
Демессің әсте жанылдым.
Жанымды достым, адал үк!
Анамның аты – адалдық.
Ағасы – ақыл, інісі – ар,
Біліп ал атым адамдық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамдық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Адамдық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамдық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма адамгершілік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Адамдық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері