Бұл бетте «Сағынып келемін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.07.2021
0
0
1010
Аспан —
Адамның ғарыш деп санайтыны.
Аспан —
Ең биік, әркімнің қалайтыны.
Биікте
Ақша бұлт үстінде келемін,
Биіктеп
Шарлайды ақ бұлттай өлеңім.
Аярсыз
Ақтарып жанымның тереңін,
Шырқайды
Шығанға ерке жел өлеңім.
Осылай
Аңсаған ғарышта келемін,
Ал жерді
Сонда да сағына беремін.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі