Қайтып көрер қақпанды қатты жауып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қайтып көрер қақпанды қатты жауып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Қайтып көрер қақпанды қатты жауып,
Ертеңіңнен жөнелдің қылмай қауіп
Сезбедің-ау, сірә, сен кеткеніңді
Жүрегімнің есігін бірге жауып.
Мейлің достас, мәңгіге мейлің жауық,
Сол есікке-ақ келерсің көңілің ауып.
Жапқан есікті ашарсың қолыңмен-ақ,
Жүрекке кілт аласын қайтып тауып?
* * *
Қара көзді көп айтады жігіттер,
Қара көзден емес кімдер үміткер!
Төңкерілген сол көздердің езі де
Тәуірлерін жігіттердің іріктер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтып көрер қақпанды қатты жауып өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қайтып көрер қақпанды қатты жауып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтып көрер қақпанды қатты жауып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтып көрер қақпанды қатты жауып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері