Таңғы толғаныс

Бұл бетте «Таңғы толғаныс» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 836
Таңда мені тербейді арман,
Ой көзінен от өріп.
Жүргендеймін сөнбей қалған
Түн жұлдызын көтеріп.
Қалтарысқа төксем бе екен
Жұлдызымның жарығын?!
Түнге беріп кетсем бе екен
Жанымның бар жалынын?!
Қақшы тағы, таң қанаты,
Көкірегіме күй бітсін.
Аласұрған арман аты
Арындап бір құйғытсын.
Жүрегіммен жыр қайнатып,
Отырып ем түнімен.
Таң келеді!
Сырнайлатып,
Әнші құстар үнімен.
Аспан асты сарғаяды,
Өзгермейтін салтымен.
Таң келеді!
Сол баяғы
Сүттей таза қалпымен.
Балқытқандай жан денені,
Маужырайды бар маңай.
Еске салып әлденені,
Тербетеді таңғы арай.
Өшіре алман көңіл өртін,
Несін енді сыр бүгем?
Қайда күнім емін-еркін,
Таң нұрына сүңгіген?!
Таңдар атар,
Нұр жалатар,
Күн артынан күн келер.
Өмір өтер...
Мұңға батар
Кешегі ойнап-күлген ер.
Көңілім көкке құлаш ұрсын,
Қарай ма өмір бір маған?!
Асау жүрек, жуасырсың,
Тізгін бермей тулаған.
Аулақ менен, мұң самалы,
Аймалама жанымды.
Жан айнасын кір шалады,
Салқындатсаң қанымды.
Уақыт құсы алтын қанат,
Самғайды өмір әнін сап.
Таң келеді!
Жарқын қабақ,
Таңдай менің жаным шат.
Ақ торғындай таң келеді,
Жер оянды жадырап.
Өмір-терек сәнденеді,
Жапырағы жамырап.
Қарсы ап, бәлкім, алғаш таңын,
Келді өмірге бүлдіршін,
...Қимай соңғы таңғы аспанын,
Кетті біреу, кім білсін?..
Таң келеді шұғылалы,
Дүние тұр құлшынып.
Шұғыладай құбылады
Алма-кезек тіршілік...
Ағарды аспан түн түріле,
Мөлдірейді таң шығы.
Тұрдым іліп кірпігіме
Таң шығындай тамшыны...

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы толғаныс өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Таңғы толғаныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы толғаныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы толғаныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері