Күзгі мұң

Бұл бетте «Күзгі мұң» атты Хамит Есеман жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 839
Сарғайып жатты кешегі жасыл жапырақ,
Мүлгіді сосын айналадағы атырап.
Қайтқан құстардың қанат суылына қаныққан,
Шайырлар бүгін күз жайлы өлең оқымақ.
Бетке алып көне сәкіні,
Кілең шайырлар күз жайлы өлең оқыды.
Кенет бұлттардың жыр тамшылады көзінен,
Ол да бір қазақ ақыны.
Басылмай көңіл тұманы,
Отырмын жалғыз жазға бағыштап дұғаны.
Біз жақтан құстар біржола кеткен секілді,
Олардың қайта оралатындығы шүбәлі.
Кеткендей болды қанатына байлап көктемін,
Мен де өлең оқып, сезімді келмей шектегім.
Әлден уақытта мамырға қарап күрсініп,
Қарашаға қарай мұңайып қана беттедім.
Күзді қарсы алдық...
Шайырлар сірә шайқады,
Байқалып қалды әлі де бар-ау айтары.
Біз жақтан ұшқан әз құстар өзге көктемге,
Біз жаққа күздің келгенінен хабар айтады,
Күзгі мұң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі мұң өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Күзгі мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күзгі мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері